ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰРУДЫ ҰСЫНАМЫН - ПРЕЗИДЕНТ

«Біз бірліктің бастауы болған дала демократиясының бастауын жалғастыруымыз керек. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз міндетін табысты атқарды. Енді оның орнына құрамы жағынан ауқымды ұлттық құрылтай құруды ұсынамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Оның айтуынша, жаңа құрылым ұлттық кеңестің қызметін, орталық деңгейде жалғастыратын болады.
«Құрылтай- қоғамдық диалогтың біртұтас институтционалдық моделін қалыптастыруға тиіс. Сөйтіп билік пен халықтың арасындағы дәнекерген айналатын болады. Қазіргі қоғамдық кеңестің бәрін өз айналасына топтастырады. Ұлттық құрылтайдың құрамында барлық аймақтың өкілдері болады. Сондай-ақ, оған Парламент бірқатар депутаты, Қазақстан халқы ассамблеясы, азаматтық альянс, қоғамдық кеңес пен ұйымдардың мүшелері, белгілі мемлекет қайраткерлері және тағы басқа кіреді», - дейді ол.