Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ел чемпионатының бірінші турының ақтық ойындары өтеді

АЛМАТЫ. 28 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Өскеменде волейболдан 21 қарашада жалауы көтерілген Ұлттық лигадағы әйелдер арасындағы ХХ Қазақстан чемпионатының 1-турының ақтық ойындары өтеді.
None
None

Енді теміртаулықтар («Металлург АМТ») Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромымен», алматылықтар қарағандылықтармен (Қарағанды облысы), өскемендіктер (Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс») жетісулықтармен (Алматы облысы) күш сынасады. Ал жарысты өзгелерден бұрын аяқтаған өткен чемпионаттың қола жүлдегері саналатын «астаналықтар» «Ертіс-Қазхром» мен Алматы облысының «Жетісу» командаларына жаңа маусымда да ойсырай ұтылды. Қазір жеңіліссіз келе жатқан жетісулықтар турнир кестесінде көш бастап келе жатыр. Бұған дейінгі 5 кездесуде де қарсыластарын ірі есеппен жеңген олар бұл маусымда да чемпиондық атақты өздерінде сақтап қалуға мүмкіндігі жеткілікті екенін аңғартып отыр. Ал 2-3 орындарды өзара бөліскен павлодарлықтар мен астаналықтар биыл да өз деңгейінде өнер көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар