Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлттық лигадағы жетісулық волейболшы қыздар мүмкін болған ұпайлардың барлығын иеленді

АЛМАТЫ. 14 наурыз. ҚазАқпарат -  Қарағандыда 6-13 наурыз күндері волейболдан Ұлттық лигадағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 5-тур ойындары өтті.

Ұлттық лигадағы жетісулық волейболшы қыздар мүмкін болған ұпайлардың барлығын иеленді

Онда барлық қарсыласын ойсырата ұтқан Алматы облысының «Жетісу» командасы 18 ұпай қорын 90-ға дейін жеткізді. Екінші орында 65 ұпаймен астаналықтар тұр, ал үздік үштікті 53 ұпайы бар Павлодар облысының «Ертіс-Қазхромы» түйіндеді. Одан кейінгі орындарға «Қарағанды» (41 ұпай), «Алматы» (39 ұпай) және Теміртау қаласының «Металлург АМТ» (20 ұпай) мен Өскемен қаласының «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс» (7 ұпай)  командалары сәйкесінше орналасты.

Жалпы бұл турда өз қоржынына «жетісулықтар» - 18, астаналықтар  -14, павлодарлықтар мен алматылықтар - 9, қарағандылықтар - 8, теміртаулықтар - 4, өскемендіктер - 1 ұпай қосты.  Бәсекекеде «Алматы»  үшінші орынға көтеріліп, «Ертіс Қазхром» мен «Қарағанды» 4-5-орындарды сәйкесінше бөліскен болатын. Бірақ бұл турнир кестесіндегі ахуалға өзгеріс енгізе алмады.