Ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері мен ардагерлер Елбасы Жолдауын талқылады
ОРАЛ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысындағы ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері облыстық ардагерлер кеңесі мүшелерімен бірге биылғы Елбасы Жолдауын талқылап, алда тұрған міндеттерді айқындады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев атап өткеніндей, өңірдегі ұлттық-мәдени орталықтар әркез ұйымшылдық пен ортақ мақсатқа топтасқандықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бұл, әсіресе, қазіргідей кезде аса маңызды.
Облыста 72 мыңнан астам ардагер бар. Олар ардагерлер туралы заңның қабылдануын асыға күтеді. Жиында «Фронтовичка» клубының төрайымы, соғыс және еңбек ардагері Алевтина Митрохина, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының мүшесі Анатолий Ким аға буынның жастармен байланысын жақсарта түсу қажеттігін атап көрсетті. Ардагерлер тәуелсіз Қазақстанның дамуы үшін көп еңбек етті, ендігі үміт ? жастарда.