Ұлттық санақтан халықтың 71 пайыздан астамы өтті

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Ұлттық халық санағының бүгінгі кезеңінде республикамыздың 11 миллионнан астам азаматы тіркеуден өтті.
None
None
Бұл халықтың 71 пайыздан астамын құрайды. Бұл туралы бүгін елордада ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда және Павлодар облыстары санақ жұмыстарының жоғары қарқынын көрсетіп келеді. «Кейбір аудандарда белгілі есептік санақ артық орындалды. Мәселен, Павлодар облысының 22 мың адам тұрғыны бар деп есептелген Қашыр ауданында 23 мың адам тіркелген. Тағы бір айта кетері, бұл ауданда тіркеу жалғаса береді», - дейді ҚР Статистика агенттігінің баспасөз хатшысы Динара Жандаева.Алматы қаласында 878 мыңнан, Астанада 415 мыңнан астам адам санақтан өтті.
Соңғы жаңалықтар