Ұлттық техникалық даму агенттігінде Tesla-ға арналған қазақстандық өнім таныстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ұлттық техникалық даму агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Марат Омаров қай жобалар агенттіктен гранттық көмек алғанын айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Біз инновациялық экожүйеге қараймыз. Қазір негізгі бағыттардың бірі ретінде жеке бизнес-инкубаторларды дамытқымыз келеді. Инноваторларға нарыққа шығуға көмектесетін мұндай құрылым әзірге жоқ. Мен Сәтпаев технопаркіне бардым. Ол ЖОО маңындағы екі қабатты ғимаратта орналасқан. Ғимарат ескі. Олардан екі жоба көрдім. Біріншісі - Tesla-ға арналған қуаттау құрылғысы. Мамандар 5 млн теңгеге электромобильге арналған осы зарядтау құрылғысын әзірлеген. Дизайны әлсіз. Сенімсіздік таныттым. Қалай жұмыс істейтінін көрсетуін өтіндім. Әзірлеушілердің бірі электромобильмен жүреді, оның көлігінде жұмыс істеп тұр. Tesla-да да жұмыс істеп тұр. Ол да жергілікті, қазақстандық өнім.  Біздің өнім шығаруға мүмкіндігіміз жетеді.   Мұны ЭЫДҰ мен Дүниежүзілік банк сарапшылары да айтып жатыр. Алайда оларды нарыққа шығаруға жәрдемдесетін құрылым жоқ.  Олардан «Кім көмектесті?» деп сұрасақ, грант алмағанын, тәлімгерлер кеңес беріп, нарықпен таныстырып қолдағанын айтты», - деді Марат Омаров.

Ол сәтті грант алып, өндірісін қайта бағдарлағандар жайлы да айтты.   «Екінші кейс - 20 млн теңге грант алған бойжеткенде. Оның жобасы аурухана ауасын желдету, тазарту жүйесіне қатысты. Бұл - супер өнім. Инновациялық және жүз процент жергілікті өнім. Ол ауруханаларға барып, өз өнімін таныстырғанда, бұл ауруханаға қажет емес екенін түсінеді. Сосын бизнес үлгісін өзгертеді, ауруханаларға таза қабырға мен едендер шығара бастайды. Ол 20 млн грант алады.

Оның жылдық айналымы қазір 1 млрд теңге. Қалыпты жұмыс істеп жатыр. Ол гранттың, әрине,  өңірлерге алғаш барған кезде септігі тиді. «Сіздің жігіттер маған нарыққа шығуға жәрдемдесті», - деді. Қазір оның жаңа өндірісінде 100-ге жуық адам жұмыс істейді. ҰТДА-да мұндай мысалдар көп», - деп атап өтті ол.

Бұл ретте ҰТДА қаржыландырған жобалардың 30 пайызы сәтті, 70 пайызы сәтсіз болған. «Шетелде 10 пайыз сәтті болса, қалыпты саналады. Бізде жобалардың басым бөлігі - ІТ-жобалар, қосымшалар. ҰТДА жұмыс істеген сәттен бастап 12 млрд. теңге сомасында 326 грант бөлінді», - деді М. Омаров.

Соңғы жаңалықтар