Ұлттық ұлан: Оралда «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі иегерлеріне құрмет көрсетілді (ФОТО)

ОРАЛ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының офицерлері, майорлар Ринат Жұмалиев пен Салауат Қабдықұлов бейбіт күндегі ерліктері үшін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай Елбасы Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған болатын.
None
None

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше Ұлттық ұланның 5517-әскери бөлімінде қос сардарды құрметтеу кеші болды. Онда «Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Берік Омаровтың атап өткеніндей, Ұлттық ұлан жауынгерлері күнделікті қызмет барысында қылмыстық оқиғалар, табиғат апаты мен төтенше жағдайлармен де бетпе-бет келіп, өз міндеттерін абыройлы атқарып келеді.

Айта кетейік, өткен жылғы 14 мамырда Салауат Қабдықұлов Құрманғазы көшесіндегі үйдің бесінші қабатында шыққан өрт кезінде егде жастағы адамды құтқарып қалған болатын. Өткен жылдың 10 шілдесінде Ринат Жұмалиев те Чагано-Набережный көшесі бойындағы тұрғын үйдегі өртті байқап, сол бойда өрт сөндірушілерге хабар беріп, жүргізуші, қатардағы жауынгер А.Қожахметовпен бірге тұрғындарды құтқаруға ұмтылады. Сөйтіп 12 адам қауіпсіз жерге шығарылады.

Соңғы жаңалықтар