Ұлттық ұланның ақпараттық-насихат тобы Үшқоңыр ауылында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ақпараттық-насихат тобы Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылында болып, тұрғындармен жүздесті.
None
None

Алматы облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының ақпараттық- насихат тобы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған ауылы Үшқоңыр елді мекеніне де ат басын тіреді. Мұнда топ мүшелері ауыл тұрғындарымен, ардагерлермен, мемлекеттік ұйым, мекеме өкілдерімен кездесіп, Елбасы Жолдауында қойылған міндеттер мен мақсаттардың жай-жапсарына тоқталды.

- Жолдауда айтылғандай, біздің ең қымбат құндылығымыз - тұрақтылық пен тыныштық. Ұлттық ұлан сарбаздары ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып,Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады, - дейді топ жетекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, полковник Мұхаметқали Сатов.

Сондай-ақ, Ұлттық ұланның Орталық ән-би ансамблі ауыл тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды.

Соңғы жаңалықтар