Ұлттық ядролық орталық Калачи ауылының тұрғындарынан гамма-сәулелендіргіш нуклидтерді тапқан жоқ
«Біздің кәсіби бағытымыз - радиациялық әсерлерді зерттеу. Бүгінгі таңда Калачи ауылының тұрғындарына радиациялық әсер тигенін немесе тимегенін айту қиын. Біз спектрометр арқылы өлшеу жұмыстарын атқардық. Ештеңе таппадық. Бірақ өзге де зерттеулер жасалуы тиіс, атап айтқанда, қан мен зәрді тексеру жүргізіледі. Бұл өте ұзаққа созылатын жұмыс. Сондықтан олардың нәтижелері тек 4-5 аптадан кейін белгілі болмақ. Бүгінде бір нәрсені ғана айта аламыз, гамма-сәулелендіргіш нуклидтер оларда жоқ, яғни радиациялық эффект ауа жұту кезінде болмаған. Спектрометр ештеңе көрсетпеді. Қалған талдаулар әлі жүргізілетін болады. Нәтижелер комиссияға кейін жолданады», - деді ол.
Оның айтуына қарағанда, Калачи аулының 5 тұрғыны Ұлттық ядролық орталықта екі күн тексерілген.
«Екі күн ішінде біз қажетті анализдерді алып, оларды қайтадан үйлеріне жібердік. Радиациялық әсерді зерттеу кешенді жұмыстың бір бөлігі ғана. Бұдан басқа мамандар да зерттеу жүргізеді. Аталмыш мәселеге қатысты арнайы комиссия құрылды», - деп атап өтті Владимир Дмитропавленко.