Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсетілмек ? Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Альберт Рау Ұлты Отан соғысының ардагерлеріне қосымша әлеуметтік жеңілдіктер мен көмектерге қажетті қаржылай қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдады,

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қосымша әлеуметтік көмек көрсетілмек ? Ақмола облысы
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы құжатқа сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің айлық коммуналдық төлемдеріне облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттен 2,5 айлық көрсеткіш есебінен қаржы қарастырылған. Осындай көмек қолын ұсыну жөнінде аудандар мен қала әкімдеріне тапсырыс беріліп, жергілікті бюджеттен тиісті мөлшерде қаржы бөлу тиянақталып отыр. Өз кезегінде жұмыспен қамту және әлеуметтік үйлестіру басқармасына шешімнің орындалуын қадағалау, қаржының уақтылы игерілуін бақылау жүктелді. Сондай-ақ қарт майдангерлерге дәрігерлік көмек, дәрі-дәрмекпен қамту, көлік қатынасы, тұрғын үйге байланысты тиісті қамқорлықтар ескеріліп отыр.