«Ұлы Отан соғысын жоққа шығаруға ешкімнің моральдық құқы жоқ!» - БАҚ-қа шолу

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 8 мамыр, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Қазақстан әйелдерінің зей­неткерлік жасын көтеру мәселесі біраздан бері қоғамдағы қызу әңгімеге тамызық болуда. Зей­нетақы жүйесін жаңғырту - Елбасының өткен жылғы «Әлеу­меттік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты ба­ғыты» атты Жолдауында жә­не Үкіметтің 2013 жылғы 23 қаңтардағы кеңейтілген отыры­сында берген тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асы­рылуда. Осыған орай, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Зейнетақы жүйесін жаңғырту» туралы заң жобасын жасап шықты. Осы жоба негізінде зейнеткерлер жасын біріздендіру ісі қолға алынып, Үкімет пен Мәжіліс депутаттары жобаны мақұлдап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Үкімет мүшелері халыққа жаңа жобаны түсіндіру ісімен айналысып кетті. «Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, халықпен жүздесу кезінде 50 және одан да жоғары жастағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі көтерілуде. Яғни зейнет­керлік жасын біріздендіру жө­ніндегі арнайы комиссияға келіп түскен шағымдардың денін егде жастағы қазақстандықтар құраған. Статистика агенттігінің мәлі­меттері бойынша, елімізде жасы 55-тен асқан жалпы экономикалық белсенді халықтың үлесі бар-жоғы 6,3%-ды құрайды. Демек, осы жастағы азаматтардың қоғамдық өмірге араласуы олардың жасы ұлғайған сайын азая бермек. Сол себепті, осы жас санатындағы азаматтардың өмірлік деңгейін арттыру, оларға жеткілікті зей­нетақы жарнасын жинақтауға және жұмыссыздықтың жалпы деңгейін төмендету үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 50 жастан асқан азаматтарды (бастама 50+) жұмыспен қамтудың кешенді жоспарын жасады. Бұл туралы «50+ бастамасы немесе елу жастан асқандар жұмыспен қалай қамтылады?» атты мақалада жазылған.

Осы басылымның жазуынша, Қостанайға екі күндік сапармен Канаданың, Жапонияның, Үн­­­­дістанның, Оңтүстік Африка Республикасының, Индонезияның, Ирактың, Ватиканның Қазақстандағы елшілері мен Корея елшісінің орынбасары, Қытай Халық Республикасы елшісінің кеңесшісі және хатшысы, Оман Сұлтандығы елшісінің хатшысы, Белгия елшілігі сауда-экономикалық бөлімінің басшысы, Испания Ко­­рольдігі ел­шілігіндегі осындай бөлім­­нің өкілі келді. «Елдестірмек - елшіден» дегендей, олардың барлығы да Қостанай облысымен танысуды мақсат тұтты.

«Елшілерге облысты таныс­­ты­рудағы басты мақсат - өңірдің инвестициялық қауқарын таныту. Мүмкін осы елдердің бірімен экономикалық мүддеміз тоғысып қалар», - деді облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев. Мұндай шараны өткізуге облыс әкімдігі мұрын­дық болған. Бұл материал «12 елдің дипломаты - Қостанайда» деген тақырыппен берілген.

***

«Нұр Астана» басылымында «Жекеменшік жерлер кімдікі?» деген мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. «...Амал қанша, осынша жерден қарапайым жұрттың он сотық үлесін алуы қиямет-қайымға айналды. Бүгінде ресми дерек көздеріне қарағанда, тегін жер телімін алу үшін 1,3 миллионға жуық арыз түскен екен. Және мұның 83 пайызы Астана мен Алматы тұрғындарының өтініштері. Құзырлы орындар осынша жердің инженерлік желілерін салу үшін кемінде 30-40 жыл уақыт кететінін есептеп қойыпты. Олардың ойынша, жаппай жер беру түбі әлеуметтік шиеленістерге алып келетін көрінеді»,-деп жазады газет. Бұл жайында «Жекеменшік жерлер кімдікі?» атты мақалада басылған.

«Дүние жүзін дүрліктірген Бостондағы жарылыстың ұшқыны біздің елді де шарпығаны белгілі. Қазіргі ағайынды Царнаевтардан кейінгі есімі ең көп аталатын екеу - Диас Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқов. Аңдаусызда от басқан студенттердің тағдырынан кейін Сенат депутаттары сақтық шараларына көбірек көңіл бөлуді ұсынып отыр», -делінген «Нұр Астана» газетіндегі «Сенатор сақтыққа алаңдаулы» атты мақалада. Ғани Қасымовтың айтуынша, Қазақстан лаңкестікке тосқауыл қою үшін жаңа кешенді шалаларды қолға алуы тиіс. Атап айтқанда, елімізге келетін шетелдік туристердің шекарадан өту тәртібін күшейту керек.

***

«Жас Алаш» басылымының соңғы нөмірінде «Ұлы Отан соғысын жоққа шығаруға ешкімнің моральдық құқы жоқ!» деген мақала берілген. Бүгінде Ұлы Отан соғысын жоққа шығарушылар көп. Тіпті «бұл ешкімге қажеті жоқ соғыс» деп жатады. «Немістер бізді жаулап алса, ұшпаққа шығарар еді» дейтіндер жоқ емес. Өкініштісі, осындай тақылеттес сөздерді аға буынның аузынан естіген жас ұрпақ кешегі тарихын ұмыта бастады. «Аталарымыздың соғыста көрген қиыншылықтарын, біздің бақытты ғұмыр кешуіміз үшін жау оғының астында қалып, шейіт болғанын естен шығарып алғандаймыз»,-деп жазады мақала авторы.

Соңғы жаңалықтар