Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың тарихи 65 сәті: соғыс біздерді өмірді бағалауға, ал Отанға деген махаббат пен халықтар бірлігі оны жеңіп шығуға көмектесті - ардагер А. И. Хартов
АЛМАТЫ Мамырдың 5-і. КАЗИНФОРМ /Елена Ильинская/ - Көктемнің осынау жаймашуақ жылы күндері біз аталарымыз бен әкелеріміздің алдында олардың жанқиярлық еңбегі мен жеңісі, біздерге бейбіт өмір сыйлағандары үшін басымызды иеміз. Бүгінгі күні олардың қатары сиреп қалғаны рас. «ҚазАқпарат» ҰК АҚ тарих беттерін сипаттай отырып, Ұлы Отан соғысының ең керемет сәттері мен ардагерлер өмірі жайлы әңгімелейді. Өзінің бұрынғы әскери өмірі жайлы алматылық ардагер, отставкадағы майор Александр Иосифович Хартов есіне алады. Оның әдемі костюмінде көптеген наградалар, оның ішінде «Отан соғысы» ордені, «Ленинградты фашистер қоршауынан азат еткені үшін», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Маршал Георгий Жуков атындағы» медальдар, т. б марапаттар жарқырайды.
- 9 мамыр тарихта және біздің есімізде совет жауынгерлерінің қаһармандығына байланысты тарихи күн болып қала береді. Бұл - бейбітшілік пен соғысты бөлген күн. Барлығымыз үшін -Жеңіс күні - туған жерінің бостандығы мен егемендігі үшін қол ұстасқан ұлттар мен халықтар мерекесі. Соғыс бізді өмірді, достықты, табандылық пен ерлікті бағалауды үйретсе, Отанға деген сүйіспеншілік пен халықтар бірлігі жеңуге көмектесті, бірақ жеңіс үшін біз қымбатқа түсті... Көптеген адамдар майдан даласында мерт болды... Біздер, ардагерлер, үнемі және барлық жерде жастарды біздің көпұлтты жанұямызда бейбітшілік пен тыныштықтықты сақтай және бағалай білуге шақырамыз.
- Александр Иосифович, Сіз қандай соғыстарға қатыстыңыз?
- Мен 110 атқыштар дивизиясының 204 атқыштар полкінің құрамында соғыстым, соғыс жолдарымен Ленинградтан Кенигсбергке дейін бардым. Ленинградтықтар ерлігі, олардың қайсарлығы мен батырлығы, менің ойлауымша, ешқашан ұмытылмайды. 900 күн бойы жау әскерлерінің қоршауында болған қала, берілмей, шыдамдылық танытты, еңбекті жалғастырып, Жеңіске сеніп, өмір сүрді. Ленинград қоршаудан арылған соң әскерлермен батысқа жол тарттық.
Өте ауыр соғыстар Кенигсберг қаласы маңында болды. Жау зор қарсылық білдірді. Біздің жауынгерлер қызған от қойнауына еніп, үйлерге тығылған әрбір жауды құртуға ұмтылды. Соңында вермахттың құртылмаған әскерлері қоршауға алынды. Осы жерде мен өзіме өте қымбат екінші әскери награданы - «Кенигсберг қаласын азат етудегі ерлігі үшін» медалін кеудеме тақтым. Одан кейін Латвияға жіберілдім, сонан соң Эстонияға, онда мен орман ішіндегі сатқындарды қудым, соғыс аяқталғаннан кейін Финляндиядағы шекарада болдым. Сондай-ақ, мен Балтық теңіз флотында болу бақытына ие болдым.
- Сіздің алғашқы ұрысқа қатысқаныңыз, әскери достарыңыз есіңізде ме?
- Ондайды ешқашан есіңнен шығара алмайсың. Бізді Ленинград майданына жап-жас күйімізде әкелді. Біз бекіністе отыра алмадық, жаумен қашан шайқасамыз деп асықтық . «Шалдар» біздерді таң ата фашистер оқ жаудыртады деп ескертсе де, блиндаждан шығып, алға ұмтылдық. Мергендер оғынан біздің балалардың тең жартысы опат болғанда ғана, соғыстың не екенін түсіндік. Артиллерия оғын тосқауылдап, тура бекіністерден біздің танкілер де шабуылға шықты. Бір уақытта қасымызға келген танк тоқтай қалды, одан шыққан жас лейтенант бізді отырғызбақ оймен «жаяу әскерлер, сендер, жаяу көп жүретін боласыңдар, сондықтан танкке отырыңдар, апарып салайық» деді. Біз төрт адам, ішінде мен бар, танкіге жүгіре мініп, екеуіміз -оң, тағы екеуіміз сол жағына отырдық. 200 метр жүрмей жатып, неміс артиллериясының ашқан оғына тап болдық, бір снаряд танктің тура оң жақ бортына құлап, жарылыс екпіні біздерді жан-жаққа лақтырды .
Мен тоғай арасындағы шұңқырда есімді жидым, тап фашистер тығылатын жерде, қарусыз...
Мен осы күнге дейін ойланамын, менің жолым болғыш деп, мені өлтірген жоқ, тек басымнан қарумен бір қойды. Мені досым (таяу жерде болған) және жас медбике құтқарып қалды . Келесі күні алдыңғы шепке, өз бөліміме қайтарымда мен НКВД отрядына тап болдым. Олар тазарту жұмыстарын жүргізіп, соғыстан қашқандарды ұстап жүр екен. Жалғыз, қарусыз мен әлбетте, қашқынға ұқсаймын және қалайша оларға жағдайымды дәлелдеп бере аламын. Мені қамап қойды, трибуналды, штрафбатты тосудамын. Менің тағы да жолым болды, бөлімге менің старшинам келіп, мені алып кетті. Осылайша, жолым болды...
Россияның бір өңірінен осынау жас жігіт Алматыға, әскери борышын өтеп, 1954 жылы келді. Ол жерде оны соғыс айырған жас келіншегі тосуда еді. Бейбіт заманда ерлі-зайыптылар азаматтық мамандықтарға ие болды, Александр құрылысшы болса, Полина трикотаж тігін фабрикасында жұмыс істеді. Соғыс ардагері мен еңбек ардагерінің бүгінгі таңтағы басты байлықтары - жұбы жазылмаған жанұя, қызы мен күйеу баласы, төрт немересі және бір шөбересі. Биылғы жылы Ұлы Отан соғысының ардагері жұбайымен бірге өмірлік үлкен оқиғаны - үйлену тойларының 60 жылдығын атап өтті.