Ұлы Отан соғысының 65 сәті: әкем туралы естеліктер - А.Қошмамбетов

Жамбыл облысы. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Биыл 90 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған «ҚазАқпарат» ҰК» АК-ның жаңа бірегей жобасы аясында, Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне орай, «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың тарихи 65 сәт» айдары ашылды.
None
None

Бүгінгі айдарымызда Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуар Қошмамбетовтың ұлы Асқар Қошмамбетов әкесінің ерлік істері туралы естеліктерін жариялаймыз.

Қошмамбетовтар әулеті Жамбыл облысына танымал, әрі беделді отбасылардың бірі. Атасы Кәрімбай Әулие-Ата уезінде (20 ғасырдың басында Жамбыл облысы осылай аталған) Кеңестік биліктің қалыптасу кезіндегі бастауларда Тұрар Рысқұловпен бір қатарда тұрған. Кәрімбай атаның құрметіне Тараздың орталығында Орталық стадионның жанында ескерткіш те қойылған.

Жамбылдық кәсіпкер, Асқар Қошмамбетов ҚазАқпараттың тілшісіне берген сұхбатында Ұлы Отан соғысы майданында жаумен шайқасқан әкесі жөнінде былай дейді:

Менің әкем - Әнуар -қайырымды, ақылды, Ұлы ОГтан соғысын басынан өткерген адам болған. Ол өмірден ертерек - 42 жасында озса да, есімізде ержүрек әрі кеңпейіл жан ретінде қалды. Мен жыл сайын 9 мамыр күні бейітіне барып, гранитқа қалампыр гүлін қоямын. Бұл мейрам - әкемнің мейрамы.

- Әкеңіз қай жерде соғысты?

- Бала кезімізде, әкеміз көз жұмғаннан кейін артында қалған медальдарымен, дәптерлерімен ойнадық. Олардың баға жетпес құндылық екенін түсінбедік. Ал қазір көп жылдан соң мен әкемнің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жолын қалыптастыруға кіріскен едім, алайда өкінішке қарай, күнделігі мен берілген наградалары жетіспеуде. Қалған құжаттар бойынша, Әнуар Кәрімбайұлы Қошмамбетов Қызыл Армия қатарына 1941 жылы шілденің 15-інде шақырылған. Бұл Ақшай апама әкеліп берілген әскери комисариаттың анықтама қағазымен дәлелденді. Военкоматқа жаңадан шақырылғандар дәлдеп атпақ түгілі, қатарда адымдауды да білмей майдан алаңына жіберілген.

Ә.Қошмамбетовтың жеке кадрлық қағаздында соғыс туралы жазбалар өте аз. Онда майдан шебінің аты, әскерлеридің тегі, тиген жарақаттары және қай ұрыста алынғаны тізбеленген. Бір нәрсе анық белгілі - алғашқы кезде ол кісі жаяу әсвкерде қызмет еткен, содан кейін танкист болған. Жаяу әскер ретіндегі қызметін Мәскеу түбінде атқарған. Оған дәлел - 1942 жылы Мәскеуден Зина атты қыздың менің әкем Әнуарға, Саша деп атап жіберген үшбұрышты хаты. Тағы бір атап өтетін жай, осы хаттын бетінде «15854 Әскери цензурамен қаралған» деген мөртаңба бар.

- Тамаша!..

- Ия, ал мені таңғалдырғаны бұл- азынаған суық пен жан-жақтан бомбалауға қарамастан, жастар жағының кездесулерге, киноға баруды ойлағаны. Мәскеу түбінде әкем 1941жылы қолдан, ал 1942 жылы Звенигород қаласында жіліншегінен,1943 жылы Гжатск түбінде (қазіргі Гагарин) оң жақ жамбасынан және 1944 жылы Митаваны (Елгава) алу барысында - сол жақ аяғынан жарақаттанған. 1945 жылы болса, Берлинге бет алған жолда танкте жанған. Содан кейін, жеке бетшесінде жазылғаны бойынша, үшінші Сталинградтық танктік корпусте қызмет еткен. Сонымен қатар, Үшінші гвардиялық Котельников танкі корпусында болған. Бірақ, бұл туралы соғыс туралы мәліметтерде берілмеген. Мен карта бойынша әкемнің өмірбаянында географиялық пункттерді, әскери бөлімшенің жолдарымен салыстырғанда, ұқсастықтар таптым. Яғни, менің әкем Германиядағы ұрыстарда танк корпусы құрамында болған.

1943 жылдың қазан айында Әнуарды комсомол қатарына қабылдаған. Соғыстан кейінгі жылдардағы бір естелігінде әкем ұрыс барысында жарықшақтың кеуде тұсындағы қалтадағы комсомол билетін тесіп өткенін жазған. Осы құжат сақталған және онда жарықшақтың ізі мен қан дақтары қалған. Мүмкін осы комсомол билеті әкемнің өмірін сақтап қалған болар?

Шешем Күләштің айтуынша, 1945 жылы госпитальге күйік шалып түскен әкемнің дәрігерлер аяғын кесуге ұйғарады. Себебі, оның соңы гангренаға айналу қаупі бар еді. Алайда көрші палатада жатқан ересек солдаттар: соғыстың аяқталар уақыты жақын, жақында үйге де қайтармыз, сондықтан жас жігітті мүдедек етудің қажеті не? - деп тоқтатқан. Содан бір аяқтың терісін екінші аяққа тіккен соң, біртіндеп жазылған. Бірақ, әкеме ұзақ уақыт емделуге тура келген. 1945 жылы 9 мамыр күні орнынан тұра алмаған. Ал Жеңіс туралы хабар оны аяққа тік тұрғызған. Оның дәлелі ретінде әкемнің мына өлең шумақтарын ұсынамын:

Терезе ашық.

Ертеңгі уақыт

Гүл исі аңқып

Сәулелі шаттық

Көктемгі ауа жарасқан.

Мен жатырмын төсекте,

Байлаулы аяқ төсекке.

Кешегі кеште

Пышақ сап етке,

Санымнан алды оқ пәршелеп.

Абайла епте

Қимылдап етпе...

Деп айтты ақыл біреу кеп.

Жаны күрығыр тәтті екен,

Ауырды аяқ сірескен.

Қуаныш өлең,

Тартылған гармонь

Құлақты жарып барады.

Сестра келіп,

Бетімнен обіп

Бітті деп, соғыс, қуанды.

Далаға сестра кеткенде

Жата алмадым төсекте.

Аяқты шешіп,

Төсектен түсіп

Айналған басқа қарамай,

Текшеге келдім, көшені көрдім

Ауырған жанды аямай.

Көшені көріп, қуанып

Кетіппін талып, жығылып

Осылай біздер

Аңсаған күндер

Қиындықпен келгенде,

Ажалы жеткен

Жау оғынан өлген

Сол ерлердің есімі

Ескерілсін май күні.

Қызыл армияның сержанты Қошмамбетов Әнуар Кәрімбайұлының әскери ерлігі - оның миллондаған өзге де солдаттар сияқты өзін аямай Отан үшін жаумен айқасып, отқа түскені. Мәскеуден Берлинғе дейінгі жол - бұл әкемнің соғыс бойында жүріп өткен жолы.

Әкем 1964 жылы қайтыс болды. Соғыс оның денсаулығына үлкен зақым әкелді. Ал бейбіт уақытта емделуге уақыт болмағандықтан, ауруларын асқындырып алған. Мен ол кезде 5 жасар бала едім. Әкем есімде жоқ. Тек кейбір сәттері ғана. Бірақ әкемің көзін көрген, білген адамдардан, ол кісі туралы тек жақсы сөздер естимін. Әкемді: қайырымды, жібі түзу жан ретінде суреттейді.

Ол өмірінде Сталиндік «халықтарды жаппай қоныстандыру» сияқты кезеңді бастан өткерген болатын. Осы уақытта Майтөбе ауылына гректер көшірілді. Бұл көктем мезгілі болатын. Күн болса суық, жер батпақ. Соған қарамастан әскерилер балалар мен қарттарды ауылда ашық аспанның астында қалдырды. Осы уақытта оларды көрген әкем мектептің есігін ашып, қарттар мен балаларды сыныптарға орналастырды. Бұл туралы мен Әнуар Кәрімбайұлының баласы, менің інім Асанды танитын грек әйелінен естідім.

Міне, адамзат баласын қорғап қалған сол кездегі жауынгерлер кеңпейіл де ержүрек азаматтар еді.

Соңғы жаңалықтар