Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдеш Нұркин жайлы «Жарқын тұлға ұлағаты» атты кітап жарыққа шықты

АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы Достық үйінде қоғамдық және мемлекеттік қайраткер, Ұлы Отан соғысының ардагері Қабдеш Нұркин жайлы «Жарқын тұлға ұлағаты» атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Шараға Павлодар облысының әкімі Е. Арын, зиялы қауым, ардагердің замандастары мен туған-туыстары қатысты.

Аталмыш басылым облыстық мәдениет басқармасы және С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қолдауымен жарық көрді. Кітап беттерінде Қабдеш Нұркиннің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктері, еңбек жолы, өмірі мен отбасы әңгімеленеді. Сондай-ақ ардагердің мақалалары, пікірлері мен құттықтаулары да бар.

Кітаптарды облыс мектептеріне, кітапханалар мен мұражайларға беру жоспарланып отыр.

Қабдеш Нұркин Ертістің Павлодар өңірінің қалыптасып, дамуына сүбелі үлес қосты.

Соңғы жаңалықтар