Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері - Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті қонақтары

ПАВЛОДАР. 8 мамыр. ҚазАқпарат - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің клубында студенттер Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен және тыл еңбеккерлерімен кездесті,  деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

Ардагерлер мен тыл еңбеккерлері - Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті қонақтары

Студенттік филармония ардагерлер үшін концерттік бағдарлама дайындады. «Ертіс жұлдыздары» мен «Алтын дауыс» ансамбльдері әскери тақырыптағы әндерді орындады. Қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылып,  сыйлықтар тапсырылды.