Ұлы Отан соғысының қатысушысы Мұса Қалдығұловтың құрметіне арналған мемориалдық тақта ашылды

АҚТӨБЕ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Ломоносов көшесіндегі №2 үйде салтанатты түрде ішкі істер органының ардагері - Ұлы Отан соғысының қатысушысы Мұса Қалдығұловтың құрметіне арналған мемориалды тақта ашылды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметкері Алмагүл Бекжанова.
None
None

Қалдығұлов Мұса 1921 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданының №12 ауылында дүниеге келген. Соғыс жылдарында 77-ші, 157-ші, 266-шы атқыштар полкінің құрамында болып, жауынгерлік ұрыстарға қатысқан және де екі орден мен бірнеше медальдарға ие. Соғыс аяқталғаннан кейін бір айдан соң милицияға қызметке орналасып, қатардағы жауынгерден учаскелік полиция инспекторына дейін жеткен. Ішкі істер органдарында Муса 25 жыл қызмет етіп, 1970 жылы зейнеттік демалысқа шыққан.

Біренеше рет ІІМ және ІІБ басшылығымен көтермеленіп, 2 және 3 дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» «Совет милициясына 50 жыл» медальдарымен және «Милиция үздігі» төсбелгісімен, Сондай-ақ, «Жас қызметкерлер тәлімгері» алғысхатымен марапатталған. Отан алдындағы борышын өтегені және қылмысқа қарсы күресте қосқан зор үлесі үшін оның құрметіне мемориалдық тақта орнату туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар