Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Ұлы Отан соғысының сарбазы Николай Курбатовтың қызына әкесінің «Ерлігі үшін» наградасы табысталды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Айқас алаңында қаза тапқан ҰОС сарбазы Николай Курбатовтың қызы Галина Курбатоваға әкесінің «Ерлігі үшін» мемлекеттік наградасы табысталды.

Ұлы Отан соғысының сарбазы Николай Курбатовтың қызына әкесінің «Ерлігі үшін» наградасы табысталды

Өскемендегі Ресей Федерациясының бас консулы Сергей Анненков Семей қ. әкімдігінде өткен салтанатты рәсімде ержүрек барлаушының қызына награданы табыс етті.

Жеңіске 70 жыл өткен соң қайтыс болғаннан кейін марапатталған сарбаз наградасы жеңімпаздың отбасына берілді.

«Әкем майданға өз еркімен кетті, - деп еске алады, сол кезде 7 жаста болған Калина Курбатова. Сол кездегі әскери комиссариат алдында ұзын-сонар кезекте тұрған әр жастағы ер адамдар оның әлі күнге есінде.

«Әкем соғыстан оралмады. Біз ұзақ жылдар оның не тірі, не өлі екенін білмедік. Қайтыс болса, қабірі қайда деп ойладық. Таяуда маған әкемнің Адыгей Республикасында жерленгенін хабарлады. Белгісіз адамдар күтіп-баптаған фотосы қойылған қабірін көрсетті. Оларға алғысым шексіз, басымды иіп өтемін және ҰОС айқас алаңында жандарын қиған жақындарын іздеп жүрген жандардың алдында басымды иемін», - деді сарбаз қызы. Әкесінің наградасы ол үшін ең қымбат жәдігер.

«Біздің ел жат елде, бауырлас елдерде қаза тауып, жерленген Қызыл әскердің хабар-ошарсыз кеткен сарбаздарын белсенді іздеумен айналысады, - деп атап өтті рәсімде РФ Бас консулы. - соңғы қаза тапқан сарбазы жерленбейінше, соғыс аяқталмайды деп бекер айтылмаса керек. Қазақстандық-ресейлік зерттеудің жемісті жұмысы мен тәжірибесі, ақпарат алмасуы іздеу барысына оң ықпал етуде. Өкінішке орай, бізде награда табыстау мүмкіндігі болмады, өйткені қазіргі уақытта оны шығару тоқтатылған. Десек те орден кітапшасын табыстап, мемлекеттік мұрағатқа тиісті жазба қалдырып, Николай Курбатов жайлы естелік жылдар бойы жадымызда сақталатынына сенімдіміз».

1938 жылы бекітілген «Ерлігі үшін» медалімен Қызыл әскер, Әскери-Теңіз флоты, шекара қызметінің әскерлері Кеңес Одағы жауларымен айқаста ерлік, қайсарлық танытқаны үшін мараптталғаны хабарланды.