Улы сүт ісі бойынша Қытайда 96 адам тұтқындалды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қытай полицейлері құрамында меламин химиялық қоспасы бар сүт өнімдерін таралымға шығарғаны үшін күдіктілер қатарында танылған 96 адамды тұтқынға алды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі. Әзірге істің бүге-шігесі нақты айтылмайды.
None
None

2008 жылы Қытайда осы мәселеге байланысты жанжал ушығып кетті. Бұл алты бала улы сүтті ішіп, шетінегеннен кейін болған оқиға еді. 2009 жылдың қараша айында Қытайда құрамында меламині бар сүт ұнтағын сатқаны үшін сүт өндірісінің екі қызметкері өлім жазасына кесілген болатын.

Меламин - пластик өндірісі саласында қолданылатын улы зат. Ол адам ағзасында тас жинап, бүйректі зақымдайды.

Соңғы жаңалықтар