ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: 65,5 метр биіктіктегі жау дотын басып алу кезінде қаза тапқан батыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Виктор Константинович Булавский 1918 жылдың 22 қаңтарында Көкшетау облысы Алексеевка селосында дүниеге келді. 1939 жылы Коломенск әскери артиллерия училищесін бітіріп, лейтенант шенін алып, 7-інші армияның 402 гаубица артиллерия полкінің батарея командирі болып тағайындалады.
None
None

Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін-ақ, Кеңес әскері қатарында Батыс Украина мен Беларуссияны азат етуге және 1939-1940 жылдардағы Фин соғысына қатысты. Сөйтіп, ол Карелияның Суммаярви өзені бойындағы 65,5 метр биіктігіндегі жау дотын басып алу кезінде қаза тапты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Прези-диумының 1940 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен лейтенант Виктор Константинович Булавскийге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның денесі Сестрорецкідегі әскери зиратта жерленген. Бүгінде бұл - ерлік мемориалы. В.Булавскийдің қабірі әскери мемориалдың мәдени-тарихи мұра ескерткіштерінің алғашқысы ретінде тізімге енгізілді. Ленинград қалалық кеңесі атқару комитетінің шешімімен Батырдың есімі БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет кітабына енгізіліп, Коломенск жоғары артиллериялық командалық училищесінің тізіміне мәңгіге қалдырылды. Ленинград және Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қалаларында көшелер, өзі қаза тапқан 65,5 метр биіктігі оның есімімен аталады. Көкшетау қаласындағы «Даңқ» ескерткіші алаңында да оның аты айшықталып жазылған.

Соңғы жаңалықтар