ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ: Ақмола жерінен түлеп ұшқан батыр - Кеңес Одағының Батыры Федор Глинин

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Федор Филиппович Глинин Ақмола облысының Шортанды ауданындағы Камышенка селосында дүниеге келген. Орта мектепті бітіріп, 1941 жылдың маусымында Қызыл Армия қатарына алынды. Ал 1942 жылы Тамбов жаяу әскер училищесін тәмамдағаннан кейін майданға аттанды.
None
None

1944 жылдың 5 желтоқсанында, 176-шы гвардиялық атқыштар полкінің батальон командирінің орынбасары, гвардия капитаны Федор Глинин қарамағындағы жауынгерлермен Дунай өзені арқылы Будапешт қаласынан 22 шақырым жердегі Эрчи кентіне басып кіріп, біздің әскери күштер келіп жеткенше жауға қатты тегеурін көрсетті. Сөйтіп, ол осы ерлігі үшін 1945 жылдың 24 наурызында Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

Соғыс аяқталған соң елге оралды. 1959 жылға дейін Көкшетау облыстық ДОСААФ комитетінің төрағасы болып қызмет етті. Ал 1960 жылы өмірден өтті. Есімі Көкшетау қаласы мен Шортанды ауданы Жолымбет кентінің көшелеріне берілген.

Соңғы жаңалықтар