Ұлыбритания Елшілігі миссиясының басшысы ҚР ОСК өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі Елшілігі миссиясы басшысының орынбасары Сара Пикерингпен кездесті. Бұл туралы ҚР ОСК баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Кездесу барысында тараптар ағымдағы сайлау науқанының кезеңдері мен ерекшеліктерін, дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстарды санау процедурасын, Қазақстан халқы Ассамблеясынан Парламент Мәжілісі депутаттығына сайлау өткізу ерекшеліктері және мәслихат депутаттарын сайлау мәселелерін талқылады.

Миссия басшысы әлемдегі ағымдағы қаржылық жағдайда екі сайлау науқанын қоса өткізу арқылы бюджет қаражатын үнемдеуді Қазақстанның оң тәжірибесі ретінде атады.

Кездесу қорытындысында В.Фоос сайлау процессін ұйымдастыру саласында тәжірибе алмасу түрлі елдердің сайлау органдары арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың, ұлттық сайлау жүйесін одан ары дамытудың жаңа жолдары мен әдістерін айқындаудың тиімді әдістерінің бірі болып саналатындығын атап өтті.

Кездесуге ҚР ОСК мүшелері Марат Сәрсембаев пен Татьяна Охлопкова қатысты.

Соңғы жаңалықтар