Ұлыбритания патшайымын өлтірмек болған адам психиатриялық ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ұлыбритания прокуратурасы Виндзор қамалының аумағында ер адамның патшайымды өлтірмек болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ABC News-ке сілтеме жасап.
None
None

20 жастағы Джасвант Сингх Чайл мемлекетке опасыздық жасау туралы заң бойынша «Мәртебелі патшайым Елизавета II-нің жеке басына зиян келтіру немесе оны алаңдатуға» әрекеттену бойынша айыпталып отыр. Оған сондай-ақ өлтіремін деп қорқытқаны және қару сақтағаны үшін айып тағылды. Чайл 2021 жылғы Рождество күнінде Лондонның батысындағы корольдік резиденцияда қамауға алынды. Патшайым сол кезде резиденцияда қонақта болған. Чайл ұсталған кезде полицияға «Мен патшайымды өлтіру үшін келдім» деп айтқан.

Прокурорлар Саутгемптон супермаркетінің бұрынғы қызметкері капюшон мен бетперде киіп, өзімен бірге арбалет алып жүргенін мәлімдеді.

Чайл сот тыңдауына Бродмурдағы жоғары қауіптілігі жоғары психиатриялық ауруханасынан қашықтан қатысты.

Ол 14 қыркүйекте өтетін келесі сот отырысына дейін қамауда болады.


Фото: abcnews.go.com




Соңғы жаңалықтар