Ұлыбританияда Facebook арқылы шақырылған сауық кешке 600-ден аса адам жиналған

АСТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Лондонда бір үйде ұйымдастырылған кешке 600-ден аса адам жиналды, деп хабарлайды segodnya.ua.
None
None

17 жастағы Кристофер Сил ата-анасы Францияға демалуға кеткенін пайдаланып, достарымен көңіл көтеріп қалмақ болған. Ол Facebook желісіндегілерге өз үйінде сауық кеш ұйымдастыратыны туралы құлаққағыс еткен. Нәтижесінде жүздеген бейтаныс адамдар бағасы миллион фунт тұратын үйде кеш өтеді дегеннен хабардар болған. Бұл аңдатпа бәріне бірдей көрінгесін, сауық кешке 600-ден астам адам жиналған.

Үйдің іші санаулы минуттарда-ақ қонаққа лық толы болды. Сыймағандары тіпті сыртта төбелес шығарған көрінеді. Абырой болғанда, қырағы көршілері шуды естіп, тәртіп сақшыларын шақыртқан. Оқиғаның соңында көпшіліктің арасында басылып қалған бір қызға көмек көрсету үшін жедел жәрдем көмегі келді. Сәні мен салтанаты асқан үйге он мыңдаған фунт мөлшерінде залал келтірілді.

Соңғы жаңалықтар