00:16, 15 Қараша 2013 | GMT +5
Ұлыбританияда иттер зейнетақы алады
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда полицияда қызметін өткерген иттер £500 көлемінде зейнетақы алатын болады, деп хабарлайды Sky News.

Иттерге төленетін ақшаны жануарларды асырап алған Ноттингемшир полициясының қызметкерлері алады. Ветеринарлық клиникалардағы төлемдер, иттердің тағамы және оларды күтуге кететін шығындарды осы зейнетақы арқылы жабылмақ.
«Иттер мемлекет игілігіне өмір бойы қызмет еткен және әрі қара й да біз оларға лайықты күтімді қамтамасыз етуіміз керек», - деп мәлімдеді полиция қызметкері.
Қазіргі сәтте аумақта есірткі және жарылғыш заттарды іздеуге және анықтауға үйретілген 26 ит ұсталады. Күшіктерді бір жасынан бастап жаттықтыра бастайды және жеті-сегіз жасында зейнетке шығарады, деп жазады «Газета.Ru»