Ұлыбританияда Құранның көне парағы табылды
Ғалымдардың айтуынша, бұл парақтың жазған адам Мұхаммед пайғамбармен кездескен немесе оның насихатын тыңдаған жан болуы мүмкін.
Жүздеген жылдар қолтаңба Таяу Шығыстан келген кітаптар мен құжаттармен бірге оқу орнының кітапханасында сақталып келген. Қой немесе ешкі терісіне жазылған мәтінге зерттеушілердің бірі назар аударған. Сосын парақты радиокөміртегі талдауынан өткізді. Зерттеу нәтижелері киелі кітап фрагменті 568, 645 жылдар арасында жазылғандығын (95 пайыз) көрсетті, деп жазады ТАСС. «Құранның әлемдегі ең көне парағы бізде сақталыпты - ғажап жағдай», - деп алған әсерін жасыра алмады университет өкілі Сьюзен Уоррал. Таяу Шығыстан келген мыңдаған көне құжаттармен қолтаңба парағын 1920-шы жылдары университетке Ирак тумасы, тарихшы Альфонс Минган табыстаған.