Ұлыбританияда шаңсорғыштар мұражайы ашылды

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат - Британияның Ноттингемшир графтығындағы Иствуд қаласында елдегі тұңғыш шаңсорғыштар мұражайы ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап. Мұражайды өмірінің 20 жылын шаңсорғыштарға арнаған жасы 30-дағы Джеймс Браун ашты.

Браун шаңсорғыштарға бала жасынан қызығушылық танытып келеді. Ол сегіз жасында қоқыстардан тауып алған алғашқы шаңсорғышты жөндейді, ал жасы 13-ке толғанда Джеймс Браунның 30 шаңсорғышы болған. Оқуды аяқтағаннан кейін ол жергілікті қоғамдық клубта жұмыс істейді, алайда еңбекақысының мардымсыз болуы оның сүйікті ісіне ақша жұмсауына мүмкіндік бермеді. Көп ұзамай Браун жұмыстан босайды және дүкен-шеберхана ашып, онда шаңсорғыштарды алып-сатумен және жөндеумен айналысады.

Біршама уақыт бұрын Джеймс Браунға Королдік отбасы қорынан мұражайды ашу үшін ақша алудың сәті түседі. Жәдігерлер шеберхана жанындағы үй-жайға қойылған және олардың барлығы да ақаусыз жұмыс істейді. Тек кейбір ең құнды шаңсорғыштар ғана қауіпсіздік пайымы тұрғысынан жұртшылық назарына ұсынылмады.

Қазіргі уақытта Браунның коллекциясында жалпы жиыны еуропалық және американдық 126 шаңсорғыш бар. Олардың ішінде өткен ғасырдың 30-ыншы жылдарындағы құралдарды да кездестіруге болады.

Соңғы жаңалықтар