Ұлыбританиялық азамат П.Барухтың ісі бойынша басты сот талқысы белгіленді

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Жасөспірім қыздарды азғындық жолға итермеледі деп айыпталып отырған ұлыбританиялық азамат Питер Барухтың ісі бойынша басты сот талқысы белгіленді.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шетелдік азаматқа қатысты істі БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды. Тергеу органдары П.Барухқа ҚР ҚК 273-бабы (кәмелетке толмағандардың порнографиялық суреттерін дайындап, тарату) және 124-бабы (жасөспірімдерді бірнеше рет азғындық жолға итермелеу) бойынша іс қозғаған болатын. Атап айтқанда, ол қонақүйде жасөспірім қыздарды жалаңаш суретке түсіріп, ғаламтор арқылы таратқан.

Басты сот талқысы 10 маусымға белгіленді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес іс жабық түрде қаралатын болады.

Соңғы жаңалықтар