Ұлыбританияның ең қарт адамы бақилық болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда ең жасы үлкен кейуана- 113 жастағы Глэдис Хупер қайтыс болды. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.
None
None

Хупер Уайт аралының жағасындағы Райд қаласындағы қарттар үйінде көз жұмды. Ол сонда өмірінің соңғы кездерін өткізді. Кейуана 18 қаңтарда 113-ші туған күнін атап өткен.

Хупердың жамбасына былтыр ота жасалып, ол ең қарт адамға жасалған ота ретінде рекордқа енгізілген болатын.

Хупер 1903 жылы Лондонда дүниеге келген.

Хупер көз жұмған соң сол елдегі ең қарт адам 112 жастағы Бесси Камм атанды.

Ал, әлемдегі ең қарт адам Италияда тұрады, ол 116 жастағы - Эмма Морано.

 

Соңғы жаңалықтар