Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрінің бұйрығымен Ғалымжан Қалдыкөзұлы Орынов Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлытау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Ғалымжан Орынов 1975 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1996 жылы салық инспекторы қызметінен бастап, 2018 жылға дейін Онтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде түрлі қызметтер атқарған.

2018-2019 жылдары – Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы;

2019 жылдың мамырынан бастап Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.