Үміттеріңізді ақтай алмадым, кешіріңіздер - Әбиба Әбужақынова

ПАРИЖ. KAZINFORM – Дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта татамиге шыққан Әбиба Әбужақынова жарыстан кейін шағын сұхбат беріп, жүлдеге қол жеткізе алмағаны үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.

Әбужақынова
Фото: Сали Сабиров

«Өкінішке қарай, жүлдеге қол жеткізе алмадым. Қола медаль үшін таластағы қарсыласым өте ыңғайсыз болды. Барымды салдым. Бірақ, жүлдесіз қалдым, үміттеріңізді ақтай алмадым, кешіріңіздер», - деді Әбиба Әбужақынова.

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова париж Олимпиадасын 5-ші орынмен аяқтады.

Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті ұтып, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болаған еді.

Сондай-ақ, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.

Өкінішке қарай, отандасымыз Олимпиада ойындарының үшінші айналымында қарсыласына жол берген болатын.

Соңғы жаңалықтар