Үндістан қаңтардың 15-індегі Күннің тұтылуын зерттеу үшін зымырандар сериясын ұшырады
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Үндістан ғалымдары Күннің тұтылуына байланысты мақсаты атмосферадағы өзгерістер мониторингі болып табылатын зымырандар сериясын ұшырады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN сайтына сілтеме жасап.Қазіргі уақытта үш зымыран ұшырылды және тағы бесеуі ұшыруға даяр тұр. Ұшыру елдің оңтүстігіндегі ғарыш айлағынан жасалады.