Үндiстан премьер-министрi Твиттерге қазақша жазды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанға мемлекеттiк iс-сапармен келген Үндiстан премьер-министрi Нарендра Моди Твиттерде қазақша жазды. Бiрiншi Твиттi ол Астанаға қонған кезде бiрден жазған.

Үндiстан премьер-министрi Твиттерге қазақша жазды

«Үндістанның Орталық Азиядағы сенімді досы - Қазақстанға келгеніме өте қуаныштымын», - деп жазды ол.

Екiншi твитте ол Қазақстан Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмовпен бiрге түскен фотосурет салған болатын.

Нарендра Моди онда: «Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, ыстық ықыласпен қарсы алғаныңызға алғысымды білдіремін», - деген жазу қалдырған.

Айта кетейiк, оның оқырмандары 13,5 миллионға жетiп отыр.

Кеше Астанада Қазақстан Премьер-Министрi Кәрiм Мәсiмов пен елімізге ресми сапармен келген Үндiстанның Үкiмет басшысы Нарендра Модидiң қатысуымен Қазақстан-Үндiстан бизнес-форумы өтті. Бизнес-форум барысында Қазақстан мен Үндiстанның сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынастарының жол картасы жасалды. Оған жалпы 30-ға тарта бiрлескен жоба енiп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Үндiстан кәсiпкерлерi мен iрi компаниялары арасында 12 келiсiмшартқа қол қойылды.