11:18, 30 Мамыр 2015 | GMT +5
Үндістанда аптап ыстық салдарынан көз жұмғандардың саны 2 мыңнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы аптада елде аптап ыстық салдарынан кем дегенде 2 мың адам құрбан болған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, ең ыстық күн райы елдің оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш және Телангана штаттарында орнаған, онда 1979 адам көз жұмды. Өткен тәуліктің ішінде ғана ондағы құрбан болғандардың саны 400-ге жуық адамды құраған.
Бүкіл ел бойынша көз жұмғандардың саны 2005 адамды құрап отыр.
Метеоролог мамандардың болжамынша, Үндістанда ыстық күндер аптаның соңына дейін сақталады.