Үндістанда аптап ыстықтан көз жұмғандардың саны 2200 адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда аптап ыстықтан көз жұмғандардың саны 2207 болды. Бұл туралы РИА Новости жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

Андхра-Прадеш штатында бір тәулік ішінде 146 адам көз жұмған, ал Теланганда - 52. Екі штатта қаза тапқандардың жалпы саны 1636 мен 541 адам болып отыр. Сондай-ақ Одиша штатының 21 тұрғыны, Гуджаратта 7 адам, Делиде 2 адам көз жұмған.

Ауаның ең жоғары температурасы - 47,1 градус Нагпур қаласында (Махараштра штаты) тіркелді.

Соңғы жаңалықтар