Үндістанда аптап ыстықтан көз жұмғандардың саны 800-ге жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда бірнеше күн бойы күннің қатты ысуы салдарынан 800-ге жуық адам қайтыс болды. Жергілікті БАҚ деректеріне сүйенсек, әсіресе 47 градусқа дейін жеткен Андхра-Прадеш және Теланган - оңтүстік штаттарында жағдай күрделеніп тұр, деп жазады шетелдік БАҚ.
None
None

Бүгінде оңтүстік штаттарда 750 адам өлімі тіркелді. Батыс Бенгалия, Одише, Раджстханда 50 үндістандық ыстық ауа райының құрбаны болды.

Андхра-Прадеш штатының үкіметі көмек пункттерін құру қажеттігін айтты. Ол жерден адамдар сүт пен су ала алады.

Соңғы жаңалықтар