15:20, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Үндістанда авиашоу кезінде тұрғын үй орамына ұшақ құлады
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат - Үндістанда қайғылы оқиға орын алды. Хайдерабадта әуе көрмесінің ашылу аясындағы авиашоу кезінде ұшақ апатқа ұшырады.
Машина тұрғын үй орамдарына құлаған деген ақпарат келіп жетті, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Әзірге қуатталмаған мәліметтер бойынша, ұшақ қалалық әуежайға жақын жердегі тұрғын үйге соқтығысқан.
Үнділік IBN телеарнасы апат салдарынан 1 адамның қаза болып, тағы бес адамның жараланғанын хабарлап отыр. Дегенмен, бұл әзірге оқиға орнынан жеткен алғашқы мәлімет. Құрбандардың саны одан да көп болуы ықтимал.