Үндістанда көлік апатында 26 адам қаза тапты

АСТАНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат - Үндістанның Раджастан штатында бүгін таңертең үлкен жол апаты орын алып, соның салдарынан 26 адам қаза болды,

Үндістанда көлік апатында 26 адам қаза тапты

деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Келіп түскен ақпараттар бойынша, 60 шақты жолаушы мінген автобус жеңіл көлікпен соқтығысып қалып, көпірден өзенге құлап кетті.

Оқиға салдарынан 34 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Мінәжат етушілер мінген автобус төңіректегі храмдарды аралап жүрген.