Үндістанда нөсер салдарынан теміржол көпірі қирады
Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға толассыз жауған нөсер салдарынан болған. Көпірдің бұзылуынан бөлек, мыңдаған үй су астында қалды. Билік зардап шеккендер үшін уақытша лагерьлер ұйымдастырып жатыр. Химачал-Прадеш штатында лай көшкіні туралы ескерту жарияланды. Синоптиктер болжамынша, жаңбыр тағы бір аптаға созылады.
Ал Еuronews сайтының жазуынша, маусымдық жауын-шашыннан Азия мен Африканың көптеген елдерінде ондаған адам ажал құшты.
Мәселен, Ауғанстанның шығысындағы Логар провинциясында кем дегенде 9 адам мерт болған. Өткен аптада елдің солтүстігінде кенеттен болған су тасқынынан 30-дан астам адам қаза тауып, ондағаны із-түзсіз жоғалған.
Көрші Пәкістанда муссон салдарынан 36 адам қаза болып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды.
Соңғы үш күнде Үндістанның солтүстігі мен шығысында су тасқыны мен лай көшкінінен көз жұмғандар саны 40-тан асты.
Видеодан алын ғ ан кадр