Үндістанда нөсерден 15 адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның орталық бөлігіндегі Мадхья-Прадеш штатында соңғы күндері толассыз жауған жаңбырдан 15 адам ажал құшты. Бұл туралы штат басшысы мәлімдеді, деп жазады 24.kz.
None
None

Тосын қауіпке байланысты аймақтағы 51 аумақтың барлығы төтенше жағдайға дайындалуда. Ал үкімет баспанасын су басқан тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге қам жасап жатыр. Көңілі алаң жұртты алдағы ауа райы болжамы да мазасыз күйге түсіріп отыр. Мамандардың айтуынша, шелектеп құйған жаңбыр 12-ші шілдеге дейін толас таппайды.

Соңғы жаңалықтар