Үндістанда өрттің салдарынан 73 адам қаза тапқан аурухананың қожайыны тұтқынға алынды

None
None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Калькутта қаласында полиция қызметкерлері өрттің салдарынан 73 адам қаза тапқан аурухананың екі қожайынын тұтқынға алды.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.

Журналистердің мәліметінше, аурухананың қожайындары билікке өздері келген, қазіргі уақытта олар қамауға алынды. Тексеру жұмыстары анықтағандай, аурухана өрт сөндіретін құрылғылармен қамтамасыз етілмегені мәлім болды. Олардың үстінен қызметтеріне селқос, енжерлық танытқаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Өрт кеше жергілікті уақыт бойынша түнгі 02.00-де тез жанатын заттар сақталған Дхакурия ауданының оңтүстігіндегі AMRI жертөлесінен шыққан. Өрттің неден шыққанын сарапшылар зерттеп жатыр.

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқан адамдардың саны 73-ке жетіп отыр. Атап айтқанда, 70 емделуші мен 3 медбике. Құтқарушылардың көмегімен 90 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Олардың көбісіне медициналық көмек қажет.

Соңғы жаңалықтар
telegram