Үндістанда пойыз апаты құрбандарының саны 100 адамға жетті

АСТАНА. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат - Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында болған жолаушылар пойызы апаты құрбандарының саны өсуде,
None
None

деп хабарлады РБК агенттігі.

Соңғы мәліметтер бойынша, теміржол апаты салдарынан 100 адам қаза болды, тағы 145-тен астам адам жараланды. Бұдан бұрын 72 адамның қазаға ұшырағаны хабарланған болатын.

Полиция теміржол апаты лаңкестік салдарынан болғанына күмән келтірмейді, деп хабарлады Би-Би-Си. Батыс Бенгалияда үнділік маоистердің ықпалы күшті, олар 1967 жылдан бері ел үкіметімен жауласып келеді. Алайда қозғалыс өкілдері қандай да бір оқиғаларға қатысын жоққа шығарып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанның шығысындағы Батыс Бенгалия штатында теміржолдағы жарылыс жұма күніне қараған түнде болды. Теміржол төсемінің зақымдануынан Gyaneswari Express жолаушылар пойызының 13 вагоны рельстен шығып кетті. Бұдан кейін бұл вагондар қарсы келе жатқан тауарлы пойыз құрамымен соқтығысты.

Соңғы жаңалықтар