Үндістанда Ратангар ғибадатханасындағы қыспақта қаза болғандар саны 109 адамға жетті

АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Нақтыланған мәліметтер бойынша Үндістанда Ратангар ғибадатханасындағы қыспақта өлгендер саны 109 адамға жетті. Бұған дейін 89 адамның қаза тапқандығы туралы ақпарат тараған еді, деп хабарлады РБК.
None
None

Жергілікті полиция хабарламасына қарағанда, қараңғы түсуіне байланысты зардап шеккендерге көмек көрсету тоқтатылды, таңертең жалғасатын болады.

Мадхья-Прадеш штатындағы ғибадатханаға елдің түкпір-түкпірінен шамамен 150 мың адам үндістердің Дуссехра мейрамына жиналған. Табынушылар Синд өзенінің үстімен өтетін көпірмен ғибадатханаға беттегенде көпірдің шарбақтары сынып, содан байбалам басталған.

Айта кетерлігі, мұндай діни мейрам кезіндегі қайғылы оқиға Үндістанда жиі қайталанып тұрады. Мәселен, өткен жылы осыған ұқсас оқиға кезінде ондаған адам қаза тапқан болатын. 2008 жылы үндістердің Чамудна Деви ғибадатханасында 220-дан астам тапталып, қаза тапқан еді.

Соңғы жаңалықтар