Үндістанда жол апаты салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 24-і зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда ішінде жаңа ғана отау құрған ерлі-зайыптылар отырған автобус аударылып, салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 24-і жарақаттанды. Қайғылы оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Буксар қаласының маңында, Бихар штатының астанасы Патнадан 140 шақырым жерде жергілікті уақыт бойынша сағат беске таяу орын алған. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
None
None

Жас ерлі-зайыптылар мен қонақтар неке қию рәсімінен кейін Буксардан өз кентіне жол жүріп келе жатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, автобустың жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, соның салдарынан жолдан шығып кетіп, аударылды. Көмекке келіп жеткен жергілікті тұрғындар зардап шеккендерді автобустың ішінен шығарды. Олардың ішінде 10 адамға медициналық көмек оқиға орнында көрсетілді. Тағы 14 адам ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар