Үндістанда жылу электр стансасы жарылып, 26 адам қаза болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандағы жылу электр станциясында (ЖЭС) болған жарылыс салдарынан 26 адам мерт болған. Радио Свобода хабарлағандай, тағы 60 адам түрлі жарақат алды.
None
None

Басылымның ақпараты бойынша, зардап шеккендердің көпшілігін күйік шалған. Дәрігерлер жарылыс құрбандарының саны артуы мүмкін деп қауіптенуде. Осы оқиғаға байланысты мәліметтер бойынша, 500-мегаваттық блок жарылған кезде ол сынақ режимінде болған.
Жарылыстың себебі анықталып жатыр, деп хабарлады бүгін korrespondent.net.

Еске салайық, 1 қараша күні Үндістанның Рай-Барели қаласындағы электр станциясында қазандық жарылып, жарылыс болған.

Соңғы жаңалықтар