Үндістандағы алапат ыстық құрбандарының саны 1,7 мың адамнан асты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанда соңғы аптада байқалған алапат ыстық салдарынан кемінде 1,7 мың адам қазаға ұшырады, деп хабарлады ТАСС ИАНС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Ауа райы ең ыстық Андхра-Прадеш және Телангана оңтүстік штаттарында тиісінше 1,3 мың адам және 440 мың адам көз жұмды. Онда күн ұзағына ауаның температурасы Цельсий бойынша 47 градусқа дейін көтерілді.

Андхра-Прадеш штатының үкіметі барлық тілекек білдірушілер ауызсу және сүт алу үшін жедел көмек беру пункттері ашылғанын хабарлады.

Аптап ыстық сондай-ақ Батыс Бенгалия, Бихар, Одиша (бұрынғы Орисса) штаттарында және ел астанасы - Нью-Дели қаласында ондаған адамның өмірін қиды.

Үндістанның метеорология департаменті ыстық ауа райы аптаның соңына дейін сақталатынын хабарлады. Маусым айының басында, соның ішінде Нью-Делиде метеорологтар жауын жауатынын айтады.

Бүкіл Үндістанда дерлік термометр бағаны осы маусымдағы нормадан үш-жеті градусқа жоғары ауа райын көрсетуде. Мәселен, Гималайдағы Химачал-Прадеш штатындағы Шимла қаласында температура 28 градустан төмен түспей тұр, бұл нормадағыдан төрт градусқа жоғары.

Соңғы жаңалықтар