03:54, 27 Наурыз 2013 | GMT +5
Үндістандағы футбол чемпионатында алаңдағы улы жыланды ешкім байқамаған
АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Үндістан футбол чемпионатының матчында ойынның соңғы минуттарында алаңда улы жылан пайда болды.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлайды.
Стадионда дүрбелең болған жоқ, бұл жағдай жөнінде футболшылар біршама уақыттан кейін ғана құлағдар болды.
Спорттық алаң орналасқан Кальяни муниципалитетінің басшылығы, жылан күннің қатты ысуына байланысты пайда болды деп есептейді.