19:57, 28 Мамыр 2010 | GMT +5
Үндістандағы лаңкестік әрекет екі пойыздың соғылуына әкеліп соқты: 72 адам қаза тапты
АСТАНА. Мамырдың 28-і.ҚазАқпарат - Бейсенбіден жұмаға қараған түні жергілікті уақытпен сағат 01.30 шамасында Үндістанның шығысында орналасқан Батыс Бенгалия штатындағы темір жолда жарылыс болды. Жарылыс салдарынан Gyaneswari Express жолаушылар пойызы жолдан шығып кеткен, деп хабарлайды РБК.
Жағдайды рельстен шығып кеткен жолаушылары отырған 13 вагонның қарама-қарсы бағытта келе жатқан тауарлы құрамға соғылғандығы ушықтырып жіберді.
Оқиға орнында елдің барлық құтқару қызметтері жұмыс істеуде. Қаза тапқандардың саны артып жатыр. Би-Би-Си телекомпаниясының таратқан соңғы дерегі бойынша, 72 адам қаза тауып, 200-і жараланған. Құтқарушылар апат орнындағы үйінділерді тазалап жатыр.