Үндістандағы ұшақ апаты 158 адамның өмірін қиып кетті, сегіз адам аман қалды
АСТАНА. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат - Дубайдан Үндістанның Манголор штатына ұшқан "Боинг-737-800" ұшағының апаты Үндістандағы соңғы 14 жылдағы ең үлкен апат болды.
Ресми мәліметтер бойынша, бортта болған 166 адамның 158-і қаза болды, сегіз адам ғана аман қалды. Құтқарушылар 150-тен астам адамның мәйітін алып шықты, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
"Эйр Индиа" компаниясы өкілдерінің хабарлауынша, ұшақта 160 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған. «Барлық жолаушылар - үнді азаматтары, араларында шетелдіктер жоқ», деп хабарлады компаниядан. Экипаждың бес мүшесі үнділіктер болған. «Тек ұшақ капитаны ғана шыққан тегі сербтік Ұлыбритания азаматы болған», - деп нақтылады әуе компаниясынан.
Үндістанның азаматтық авиация министрі Прафула Пателаның айтуынша, ұшқыштар «өте тәжірибелі мамандар болған». Кеме командирі, "Эйр Индиа" компаниясында соңғы екі жыл бойы келісімшарт бойынша жұмыс істеп келген 53 жастағы Златко Глушица - 10 мың сағат, екінші ұшқыштың 4 мың сағат ұшу сағаты тіркелген.