Үндістандағы жағажайда құмнан жасалған 100 Санта-Клаус пайда болды

АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Үндістандық суретші Сударшан Патнаик құмнан 100 Санта-Клаус жасап, онымен курортты Пури қаласының жағажайларын безендірді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News сайтына сілтеме жасап.

Құмнан жасалған Санта-Клаустарды суретші жаһандық жылыну проблемасына адамдардың назарын аудару үшін жасады. Бұған дейін Патнаик осы тақырыпқа рождестволық шыршаны бейнелейтін мүсіндік композицияны арнаған болатын.

Әулие Николайдың 100 мүсінін жасау үшін мың тоннаға жуық құм және 36 сағат уақыт қажет болды. Патнаикке жұмыс істеуде Алтын құм өнері институтының 20 студенті көмектесті.

Соңғы жаңалықтар