07:12, 06 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Үндістанның әскери кемесі аударылып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістандық Betwa зымырантасымалдағыш-фрегатының аударылуы салдарынан екі адам мерт болып, 14 адам дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды Вести.ру.

Төтенше жағдай кеменің Мумбайдағы докадан шығып келе жатқан кезінде болған. Betwa кемесі онда жөндеуден өткізу үшін қойылған. Теңіз флотының мамандарының пікірлерінше, апаттың орын алуына кейбір механикалық тетіктердің істен шығуы себеп болған.
Елдің әскери-теңіз күштері осы оқиға бойынша тексеру амалдарын жүргізу жөнінде тасырма берді.